22 қаңтар 2021

Subaru Crosstrek 2021 «Үздік ықшам кроссовер» номинациясы бойынша жылдың финалисті атанды

Subaru Canada, Inc. (SCI) Crosstrek 2021 автокөлігінің Канада автокөлік журналистері қауымдастығының (AJAC) жоғары санатты номинанты атанғанын мақтанышпен хабарлайды. Бүгін жарияланған Crosstrek Канададағы «Үздік ықшам кроссовер» байқауының финалисті болып аталды.

2020 жылы 250-ден астам жаңартылған көлік AJAC журналистері тарапынан бағалану құқығына ие болды.
«Біздің қызметкерлеріміз елдегі Ванкуверден Галифаксқа дейінгі кәсіби автокөлік журналистерінің үлкен ұжымы болып табылады және біз олардың объективті ұсыныс-кеңестерін канадалық жүргізушілерге құрметпен және мақтанышпен ұсынамыз», – деді AJAC Президенті Стефани Уоллкрафт.

«Біз Subaru автокөліктерін әртүрлі жолдарды және климаттық жағдайларды ескере отырып өндіреміз, ал клиенттеріміздің қауіпсіздігі басты басымдық болып табылады», - деді SCI төрағасы, президенті және бас атқарушы директоры Ясуши Энами. «Біз AJAC секілді көрнекті ұйымның марапаттарына ие бола алатынымызды мақтан тұтамыз».

Сыйлық нәтижелері 2021 жылғы 20 ақпанда Монреальдағы автосалонның әріптестігімен жарияланады.

Дерек көзі: AJAC - Канада автокөлік журналистерінің қауымдастығы http://www.ajac.ca/

Сұрау жіберу
icon icon icon icon icon

www.subaru.mycarastana.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.