Жолсыз жерде келе жатқан кездегі көмектесу жүйесі
Қозғалтқыштың, Lineartronic сатысыз трансмиссиясының, толық жетек және динамикалық тұрақтандыру (VDC) жүйелерінің жұмыс параметрлерін реттей отырып, X-Mode көлік жүргізу тәжірибесінің деңгейіне қарамастан жүргізушілерге Subaru автокөлігінің керемет жолсыз жерде жүру қасиеттерін толық пайдалануға мүмкіндік береді.
X-Mode ылдиға қарай түскен кезде тұрақты жылдамдықты автоматты түрде сақтауға көмектесетін жүйені қамтиды. Бұл жүргізушінің көңілін автокөлікті басқаруға шоғырландыруға және мұндай жағдайда қауіпті болатын дөңгелектердің бұғатталып қалуын болдырмауға мүмкіндік береді.