«Subaru Kazakhstan» ЖШС – Subaru брендінің Қазақстандағы эксклюзивті дистрибьюторы – Сіздің қалаңызда дилерлік орталық ашу бойынша серіктестік мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Біздің барлық серіктестеріміз Subaru брендінің стандарттарына сәйкес жұмыс істейді, бұл жоғары сапалы сервисті тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ынтымақтастыққа арналған ұсыныстар Қарағанды қаласы бойынша қабылданады.
Өтінімдерді қарастыру процедурасы:
1 кезең
Өтінімді толтыру және Дистрибьютор тарапынан 3 жұмыс күні ішінде қарастырады. Дистрибьютор қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі мен мерзімдері көрсетілген тендер жариялайды. Кандидаттардың қысқа тізімін (short list) қалыптастырады.
2 кезең
Шешімді Дистрибьюторлық комитет қабылдайды, ол кандидаттың брендтің негізгі минималды талаптарына сәйкестігіне негізделеді. Конкурсқа қатысушылардың барлығына жауап беріледі және келесі қадамдардың тәртібі түсіндіріледі.
Барлық сұрақтар бойынша «Subaru Kazakhstan» ЖШС дилерлік желіні дамыту департаментінің электрондық мекенжайы арқылы хабарласуға болады d.appaz@subaru.kz